Бүгін 10-наурыз 2023 жылы Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің алтын ұя қабырғасынан колледжімізді бітіруші 10-шы жас түлектері түлеп ұшып, үлкен өмірге жолдама алды.
Іргесін тіктеп, білімді маман даярлайтын оқу ордамыз 1014000-''Машина жасау технологиясы'' мамандығының бітіруші түлектеріне сәтті сапар тілеп, бәсекеге қабілетті, мемлекеттік үлгідегі ''Техникалық және кәсіптік білім беру'' құжаттарын табыстады.
Білім ордамыздың басшысы Нұргүл Жақсылыққызы бітіруші түлектерге ыстық ықыласын білдіре отырып, ''Үздік үлгі'' Эргашалиев Шухрат және Смадинов Бекарыс атты бітірушілерімізге ерекше тоқталып, қос үздіктің жетістіктерін атап, барша білім алған топтағы оқушылардың ата-аналарына алғыс айтып, түлектерге жеке-жеке диплом табыс етті.
Колледжіміздің ''Өзін-өзі басқару'' парламентінің белсенді жастары әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, түлектердің көңілін көтеріп, алдыңғы буын ағаларына сәт сапар тіледі. Қос үздік бітірушіміз колледж ұстаздары мен колледж әкімшілігіне, топ жетекшілеріне алғыс білдіріп, ақ тілектерін жолдады.
Бітіруші түлектерге тілеріміз үлкен өмірдегі сапарларыңыз сәттілікке толы болсын, жолдарыңыз ақ болып, елдің абыройлы азаматы болыңыздар. Еліміздің өркендеп өсуіне, ел эканомикасының қарыштап дамуы жолында аянбай еңбек етіңіздер
СӘТТІЛІК СЕРІКТЕРІҢІЗ БОЛЫП, БАҒЫ ЖАНҒАН, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ. ЕЛ МАҚТАНЫШЫ БОЛЫҢЫЗДАР!