16 наурыз күні сағат 12-00 де Оңтүстік Қазақстан индустриялды- инновациялық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру негізінде виртуалды кітап көрмесі кітапхананың оқу залында өтті. АШМ 9-22 грант тобы І курс білім алушы Күмісбеков Шухрат –халқымыздың дара кемеңгері Абай Құнанбайұлы шығармалары мен қара сөздерінің тұнып тұрған рухани қазына, қайталап оқыған сайын жаңаша әсер сыйлайтын,өзіндік ой ойлауға жетелейтін қасиетін дәріптеді. БҚ 9-22 грант тобы І курс білім алушы Қадир Ақниет осы кезде Л.Н.Толстойдың сыршыл шығармаларына қызығушылықпен қарағандығын қуана әңгімеледі. БҚ9-22 грант тобы І курс білім алушы Эргашбекова Сарвиноз - жазушы Решат Нури Гунтекиннің «Беймаза бозторғай» романын оқып, әдемі, ерке өскен қыз өміріне тебіреніп, кейіпкерге деген жанашырлық сезімін баяндады. « Дана Абай Құнанбайұлы «Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса жарамайды. Өлшеуін білмек – бір үлкен іс. Әуелі ойланбақ жақсы, бірақ іске тіпті салынып кеткен кісінің ойын билей алмай, қияли болып кеткені де болады. Екінші ішпек, кимек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық - бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар», - дейді. Кітапқа деген сүйіспеншілік, білімділік танымымен үндескен салауатты өмір салтын нұрландырып, ішкі рухани жан дүниемен, табиғатпен сырласып жақсылыққа құштарлықты арттырары сөзсіз.
Leave A Comment