Колледжімізде ''JASTAR'' дебат клубы жұмысы жалғасуда. "ИНТЕРНЕТ КІТАПТЫ АЛМАСТЫРА АЛА МА? "
тақырыбы аясында дебат ұйымдастырылды.
Дебат барысында 1- курс оқушылары ой-пікірлерін ортаға салып, тақырып бойынша кеңінен тоқталып сайысса, екінші кезеңде командалар арасында ең үздік спикерлер жинақталып, екі топ құрап, тақырыпты ортаға салып талқылады. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, өз ойларын жеткізді. Дебат соңында үздік спикер анықталып, клуб атынан марапатталды.
Клуб жетекшісі: Ж. Битанов.
Leave A Comment