Бірлік бар жерде-тірлік бар.
Ағымдағы жылдың 30 - наурызы күні Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің кәсіптік бағдар беру жұмысшы тобы көршілес Түлкібас ауданындағы мектептерге ''Техникалық және кәсіптік білім беру'' бағытындағы мамандықтар мен тегін білім алу мүмкіндіктерін, мемлекеттік грант сонымен қатар оқу орнымызда оқытылып жатқан сұранысқа ие мамандықтар,колледжіміз артықшылықтары, дуальді оқытудың артықшылықтары, шәкіртақы алу мәселесі, шалғай аудандарда орналасқан жастар үшін жатақхана мәселесінің қаралғандығы толық түсіндірді.
Түлкібас ауданының Келтемашат ауылдық округіндегі Шоқан Уалиханов, Құрманбек Жандарбеков, Жиынбай жалпы орта мектептерінің 9-10-11- сыныптарына ''Ұлттық білім беру'' жобасы аясындағы тегін кәсіптік білім берудің жоспары мен оның жастарға білім берудегі толағай мүмкіндіктері, сонымен қатар жұмысшы мамандықтар мен орта буын мамандықтарының мүмкіндіктерін түсіндірді. Орта мектеп директорлары, сонымен қатар кәсіптік бағдарға жауапты мамандар, мектеп оқушылары өздері қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.Кездесу барысында жастар мамандық таңдауда қандай қателіктерге жол бермеу керектігін, қандай қағидаларды есте сақтау керектігін үйренді. Мемлекеттің жастарға мамандық таңдауда қолайлы жағдай жасап, мемлекеттік гранттар санын көбейтіп мол мүмкіндіктер жасап жатқандығы кездесу барысында сөз болды.