"ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ЖЕҢІСІНЕ 78 ЖЫЛ"
Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі және ауданымыздың бірқатар колледжерінің білім алушы жастары қос мерекені атап өтті. Жастарымызға патриоттық тәрбие беру мақсатында маңызы өте жоғары әскери шеру ұйымдастырылып, аудандағы соғыс ардагерін арнайы мерекемен құттықтау, аталармыздың ерлігін ұлықтау да ұмыт қалмады.
9 мамыр күні Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтіп жатыр. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелеріміз бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды. Сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі және ешқашан ұмытпақ емес.
Қос мереке баршаңызға құтты болсын. Бейбіт ғұмыр кешіп, аспанымыз ашық болсын. Қазақстан халқы өркендеп, жаңа бастамаларға толы болсын. Сұрапыл соғыс болмасын. Аспанымыз ашық болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.