Бүгін білім ордамыз Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің «Өзін-өзі басқару парламенті» және «Sanaly urpaq» клубының жастары, «Прасаттылық мектебі» жастарының біріккен түрде ұйымдастырған колледжішілік сенбілігі болып өтті.
Колледжімізде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың апталығы сенбілік шарасы жоспарланған.
Сенбілікке колледж білім алушылары және колледжіміздің техникалық қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір топ бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбіліктер – білім алушы жастарымыздың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және колледждің санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде. Колледж аумағын абаттандыруға септігін тигізу.
Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы есігі, қуатты қонысымен өсіп — өнер мекені. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы. Құрметті отандастар елімізді және жерімізді тазалап ұстау әр бір адам баласының басты міндеті мен парызы деп білеміз. Тазалықты сақтап, білім алып жүрген қасиетті шаңырағымызды гүлдендіріп абаттандыру ол – үлкен еңбек. Бірігіп еңбек етсек, ісіміз алға басары сөзсіз. Барша колледж білім алушыларына және қызметкерлеріне сенбілікке және абаттандыруға қатысқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.
Leave A Comment