«АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАП, БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫН ПАРАСАТТЫЛЫҚПЕН ҚАЙСАРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕГЕН ҚАСИЕТТІ БІЛІМ ОРДАСЫ»
Әскерден ең бірінші темірдей төзім талап етіледі; ерлік - екінші орындағы нәрсе.
Бүгін білім ордамыз Оңтүстік Қазақстан индустриялды – инновациялық колледжінде 5 күндік оқу – дала жиынының қорытынды әскери – патриоттық салтанатты шеруі болып өтті.
Біздің білім ордамызда әскери-патриоттық тәрбие берудің жаңа үлгісін қолға алып, жас сарбаздарымыздың отансүйгіштікпен патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ауданымыздың бірқатар әскери қызметкерлерін шақырып, аға буын әскердің қыры мен сырын білетін, білікті мамандармен еркін сұқбат жүргізу, отан алдындағы ер азаматымыздың борышы, елі мен жерін қорғау, халқымыздың мызғымас тыныштығы мен бейбіт ғұмырының тұтастығын сақтау жөнінде еркін түрдегі бетпе-бет сұқбаттасу жұмыстарын жүзеге асырды. Еркін форматта сұқбаттасу төмендегі қонақтарымызбен жүргізіліп, білім алушы жастарымыздың ойында жүрген сұрақтарына да мардымды жауаптар тиісінше түсінікті етіп баяндалып отырылды.
 Сайрам ауданы Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, запастағы офицер, подполковник Асатов Бахтияр Артукович біздің білім алушы жастарымызға отанымызды қорғау және ер азаматтардың міндеттері мен олардың отан алдындағы борыштарын түсіндіріп берді. Колледжіміздің жас сарбаздарына жылы лебізін білдіріп, білім алушы жастарымыздың оқу-жаттығу, дала жиынында алған білімдеріне тәнті болып, ауданымызда әскери тактикалар мен саптық жүруді еркін меңгерген білім ордасының оқушыларына шексіз ризашылығын білдіріп, облысымыз және республикамыздың әскери – патриоттық шерулеріне қатысуға лайықсыздар-деп сенімін білдірді.
 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери ұшқышы Реджаметов Искандер Расулметович жас сарбаздарымызға өзінің өмір жолын және осы саланы таңдаудағы қызығушылығын, әскери қызметтің жауапкершілігін түсіндіріп өтіп, бүгінгі жас сарбаздарымыздың көрсеткен әскери-патриоттық шеруіндегі жаттығулары мен спорттық сайыстарына алғысын білдіріп, колледж білім алушылары мен қызметкерлеріне толағай табыстарын тіледі.
 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер зейнеткері, запастағы офицер, майор Толаметов Пархат Маккамбаевичте білім алушы жастарымыздың әскери қызметке баруларын және отанымыздың тыныштығы мен бейбітшілігіне қызмет атқару керектігін айтып, жас сарбаздарымыздың отан алдындағы борыштарын өтеу ол талқыға жатпайтын парыздары мен міндеттері екендігін түсіндіріп өтті.
 Ауған соғысының ардагері, әскери дәрігер Убаев Хайрулла Кудратович білім алушы жастарымыздың денсаулықтарына жақсы көңіл бөлу керектігін басып айтып, болашақ жастарымыз спортпен жиі шұғылдану керектігін де назардан тыс қалдырмады. Хайрулла ағамыз білім ордамыздың қыз балаларының алғашқы медициналық қызмет көрсету жұмыстарын бақылап, өзінің қан қысымын өлшетіп, жас білім алушы сарбаздарымыздың дайындықтарына тәнті болып, бүгінгі дала жиынына жоғары бағасын ұсынып, алғысын айтып, жастарымызға сәттілік тіледі.
 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер запастағы офицері, әскери ұшқыш Османов Мирахмат Ергашовичте білім алушы жастарымыздың дайындықтарына олардың көрсеткен әскери – патриоттық өнерлеріне, қыздарымыздың медициналық алғашқы көмек көрсету қызметтеріне оң бағасын беріп, білім ордасына толағай табыс тілеп, амандық болса келер жаңа оқу жылындағы оқу-дала жиынының салтанатты іс-шарасында қайта жүздесуге дайын екендігін қуанышпен айтты.
Еліміздің ертеңі бүгінгі білім алушы жас сарбаздарымыздың қолында. Өскелең жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені бойларына сіңіру отбасынан және талбесіктен бастауын табатыны белгілі. Бүгінгі қонаққа келген аға буын әскери қызметте талмай еңбек еткен ардагер ағаларымыз біздің білім алушы жастарымыздың көкейінде қалатыны сөзсіз. Алдынғы арба қалай жүрсе соңынан ерген дөңгелек те тура бағытын табатыны баршамызға аян. Ағаларымыздың жастарға берген үлгі-өнегесі, тілек-ниеттері ұзақ жылдарға көкейлерінде жүретіндігі қуанышты жүздерінен байқалуда.
Колледжіміздің «Өзін – өзі басқару парламенті» және «Sanaly urpaq» клубының жастары ән шырқап, би билеп іс – шараның көркін ашты. Жас сарбаздарымыз АК-74 мылтығын бөлшектеп оны жинақтау және гір тасын көтеру, арқан тартыс ойындарын көрермендерге көрсетіп, қонақтарымыздың ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді. Сарбаздарымыз әскери полигонда дайындаған дала жиынындағы әскери ұрыстарынан біршама көріністер де қойып көрермендердің қошеметіне бөленді
Колледжіміздің нәзік жанды арулары әскери медицинаның қыр-сырларымен бөлісіп, бірнеше алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстары мен тәжірибелерін шынайы түрде көрсетіп, әскери қызметте болған ардагерлеріміздің алғысына бөленді.
Колледжіміздің директоры, бас ұстазымыз Нұргүл Жақсылыққызы қонақтарымызды жоғарғы ілтипатпен қарсы алып, жас сарбаздарымызбен біріккен жаңа форматтағы іс-шараның оң бағасын беріп, іс – шараның бұдан әрі дамуына, әскери қызметтегі ағаларымыздың жиі колледж қабырғасына табан тіреулерін, сонымен қатар білім ордамыздың әрдайым есігі ашық екендігін қуанышпен айтып, келген қадірлі қонақтарымызға арнайы колледжіміздің мөртабаны басылған алғыс марапатын ұсынды.
Барша оқу – дала жиынына ат салысқан оқытушылар мен білім алушыларға алғысымыз шексіз. Отанымыздың тыныштығы мен оның тұтастығын әскеріміз күзетіп, елдің абыройын асқақтататыны баршамызға мәлім. Жас ұрпақ еліміздің ертеңгі болашағы білімді азаматтардың қолына табысталатыны баршамызға аян және сеніп тапсырар аманат. Біз Отанымыздың алға қарай дамып, болашағының мықты болуына барынша аянбай еңбек етуіміз керек. Әскери – патриоттық тәрбие, отансүйгіштік қасиет және ар-намысты жоғары қоятын жастарды тәрбиелеу сіздер мен біздердің басты міндетіміз.