Құрметті Нұргүл Жақсылыққызы Сіз көп жылдан бері білім саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азаматшасыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде сансыз баптар мекені Сайрам ауданы, халқы көп шоғырланған Ақсукент елді мекеніндегі іргесі биік, бойын тіктеген Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжін шебер басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын! Жарқырап бой түзеп келе жатқан ұлыңыздың рахатын көріп, жолдасыңызбен үлкен абыройлы әулиеттің төрінде отыратын қадірлі қариясына айналып, жастарыңыз жүзден ассын. Жеке мерекеңіз құтты болсын!
Ізгі тілек білдірушілер: Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің ұжымы.