ҰЛТ ҰСТАЗЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ

Бүгін білім ордамыз Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде Қазақстан халықтарының тілдері күні сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының туған күні аталып өтті.

«Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шара колледж кітапханасында жалғасын тапты.

Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбегіне шолу жасау.

Іс-шарада білім алушы жастарымыз сұрақтарға жауап беріп, тіл тазалығына мейлінше көңіл аударуды насихаттады.

Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне арналған кітап көрмесі білім алушылардың қызығушылықтарын арттырып, жас білім алушыларымыздың белсенділіктерін арттырды. Іс-шара өз деңгейінде өтіп, барша білім алушыларымыз айтулы мерекемен бір-бірлерін құттықтап, мерекелік көңіл күйді сезінді.

Барша қазақстандықтарды тілдер мерекесімен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тіліміз тұғырлы, бірлігіміз мәңгілік болғай!