Құрметті әріптестер, қадірлі отандастар!
«Еңбек –бәрін жеңбек» десек, бұл мереке отанымызда адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі. Баршаңыздың лайықты,қажырлы еңбектеріңіз арқылы тәуелсіздік алғанына 32 жыл толатын Қазақстан дамыған озық елдер қатарына қосылып, өзінің жоспарлаған ұлы мұраттарына қол жеткізе білді. Тәуелсіздік алғанына 32 жыл толғалы отырған Қазақстанның экономикасының қалыптасуына негіз қалаған, қажыр-қайраты мен күш-жүгерін еліміздің өркендеуіне арнаған еңбек ардагерлеріне, аға буынның тәлімгерлік жолын жалғап ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген отандастарымызға зор ризашылығымды білдіреміз! Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген Сіздердің ерен еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық. Баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс, зор денсаулық, толағай табыс тілейміз!
Ізгі құрметпен Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің ұжымы!
Leave A Comment