17 ҚАРАША – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ мерекесіне орай "Студенттерді өзін-өзі басқару парламенті", және парламент фракциялары ұйымдастырылған:
«АРАЙЛЫ, АЛТЫН КҮЗ» САЙЫСЫ
Ағымдағы жылдың 17 қарашасы күні Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі студенттер мерекесіне орай “Арайлы, алтын күз” байқауын ұйымдастырды.
Сайыстың мақсаты: білім алушыларымыздың өнері мен мәдениетін сондай-ақ білімін, құндылыққа негізделген тәрбиесін, қыздардың тәрбиесі мен ұлдардың ептілігін байқау.
Байқау ережеге сай кезең-кезеңге бөлініп, жоспарға сай өткізілді.Сайысқа қатысушы жұптардың өнері мен білімін бағалауға Сайрам ауданы Ақсу әуендері вокалдық-инструментальді ансамбль жетекшісі Сыдықов Қайрат Түймебекұлы. Сайрам ауданы “Жастар Ресурстық орталығы” КММ директоры Төлегенов Әділхан Маратұлы. Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Көпбаева Сағынкүл Лесбекқызы әділ төрелік жасады.
Колледжіміздің мың бұралған “Ақкербез” би тобы өнер көрсетіп, арайлы, алтын күздің шырайын кіргізді.
Сайыстың нәтижесі төмендегідей:





Барша іс-шараға қатысушы жұптарға және өнер көрсеткен жастарға алғысымыз шексіз, өнерлерің өрге жүзіп, елдің өркендеуіне үлес қосатын ел патриоты болыңдар.
Leave A Comment