Ағымдағы жылдың 20 ақпаны күні Сайрам ауданы әкімдігінің бастамасымен бекітілген жоспарға сәйкес, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжінің спорт залында «Спорт - біздің досымыз» тақырыбында мектеп оқушыларының қатысуымен аудандық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Әлипов Мадияр мырза спартакиадаға қатысушы жастарымызға сәттілік тілеп, іс-шараның мақсаты мен міндетін түсіндірді. Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің бас ұстазы, директорымыз Нұргүл Жақсылыққызы “DosbolLike” ұйымының жоспарының негізінде достық қолын ұсыну, мектептер мен колледж ұжымының, білім алушыларының ынтымағын арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту мақсаты мен міндеттері айтылып, жарысқа қатысушы білімгерлерге толағай табыстар мен сәттіліктер тілеп, спартакиаданы ашық деп жариялады. Бүгінгі жоспарға сай тоғызқұмалақ сондай-ақ волейбол ойынынан аудандық сайыс өз жұмысын бастап кетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеті: ауданымыздың білім беру ұйымдарымен достық қарым-қатынасты нығайту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану. Болашақта қоғамға қажетті мамандықты таңдап, кәсіби бағыт-бағдар беру. Зорлық-зомбылық сондай-ақ булингкке жол бермеу. Жасөспірімдердің мәдени және спорттық сонымен қатар білімге деген құштарлықтарын арттыру.
Сайыс қорытындысымен тоғызқұмалақтан:
І орынды №10 Қарабұлақ жалпы орта мектебі;
ІІ орынды №44 Мәдени жалпы орта мектебі;
ІІІ орынды №37 Убайдуллаев жалпы орта мектебінің командасы лайық деп танылды.
Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды. Аудандық жарысқа қатысып, белсенділік танытқан барша жастарымызға алғысымыз шексіз.
Спартакиада жоспарға сай өз жалғасын табуда......