"СПОРТ-БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ" тақырыбындағы аудандық спартакиада
Оқу орнымызда "DosbolLike" ұйымы жұмыс жоспары аясында, жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын-алу, салауатты өмір салтын насихаттау, болашақта қоғамға қажетті мамандық таңдап кәсіби бағыт-бағдар беру, булингке жол бермеу, оқушылардың мәдени және спорттық сонымен қатар білімге деген құштарлықтарын арттыру, Сайрам аудандық "Білім бөлімі" КММ-не қарасты жалпы және негізгі білім беру мекемелері арасында достық қарым-қатынас орнату мақсатында "СПОРТ-БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ" тақырыбындағы волейболдан аудандық жарыс өз мәресіне жетті. Жарысқа әр аймақтан 14 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Ойын қорытындысы төмендегідей:
🏆🥇3 Хамза атындағы жалпы орта мектебі;
🏆🥈77 Тұран жалпы орта мектебі;
🏆🥉89 Қайнарбұлақ жалпы орты мектебі:
Жарысқа қатысқан барлық командалар арнайы дипломдармен марапатталды. Сайыс соңында Сайрам аудандық "Білім бөлімі" КММ алғашқы әскери дайындық және денешынықтыру әдіскері Бектасов Жомарт Құлшынбекұлы, Қазақстан Республикасы Таулы Қарабак арлагерлер мен мүгедектер республикалық қоғамдық бірлестігі Сайрам ауданы бойынша төарағасы Батаев Бақтияр Сейдаханович, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманқұлов Қайрат Аубакирұлы қорытынды сөз сөйлеп, жеңіске жеткен командаларды марапаттады. Спорт қашанда денсаулық кепілі.Спорт сүйер жастарымыз көп болсын.Жастарымыз еліміздің спортын дамытып,еліміздің көк туын әлем аспанында желбірете берсін...Жемісті, жеңісті күндеріміз көп болсын!