«Ұранды елдің- ұрпағы қайсар» атты аймақтық әскери-патриоттық сайыс
Азаматтарға әскери- патриоттық тәрбие беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы
№ 597 қаулысымен бекітілген бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің 2024 жылғы10 қаңтардағы №3-214/197-И хатына сәйкес Түркістан облысының білім басқармасының №25/182 от 12.01.2024 жылғы шығыс хатының негізінде «DosbolLike» ұйымының жылдық жоспарына сайкес, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі оқу базасында «Жас сарбаз» –әскери патриоттық үйірме мүшелерінің «Ұранды елдің- ұрпағы қайсар» атты аймақтық әскери-патриоттық сайысы болып өтті. Әскери-спорттық сайыстың мақсаты мен міндеті:
Оқушылар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру, ауданымыздың білім беру ұйымдары мен достық қарым- қатынасты нығайту. Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану. Зорлық-зомбылық сондай-ақ булингкке жол бермеу.
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру.
Жастарды өз Отанының адал патриоты болуға, ұжымда өзгелердің пікірлерін тыңдауға, көмектесуге, ептілікке, тез шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Оқушылар арасында әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру. ҚР Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметке даярлау, оларда әскери қызмет ету кезінде қажетті дағдыларды қалыптастыру;
Салауатты өмір салтын насихаттау, дене бітімін жетілдіру, жастарды әскери-қолданбалы және техникалық даярлау, оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру.
Жеті аймақта сайысқа қатысушылар өзара бақ сынасып аудандық жолдаманы сарапқа салды.
Аймақтық сайыс бойынша төмендегі командалар аудандық сайысқа жолдама алды: Ақсукент аймағынан 47 жалпы орта мектебі;
Қарамұрт аймағынан 37 жалпы орта мекетебі;
Көлкент аймағынан 96 жалпы орта мектебі;
Қайнарбұлақ аймағынан Төлеби жалпы орта мектебі;
Қарабұлақ аймағынан 42 Фурқат жалпы орта мектебі;
Арыс аймағынан 62 М.Анартаев жалпы орта мектебі;
Манкент аймағынан 1Май жалпы орта мектебі:
«Ұранды елдің- ұрпағы қайсар» атты аудандық әскери-патриоттық сайысы 28.02.2024 Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі оқу базасында өтеді.
Leave A Comment