“ЖАТАҚХАНА-ЖАНҒА ЖАЙЛЫ МЕКЕНІМ”
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің жатақханасы жылдағыдай өз жұмысын бастап кетті.
Білім алушы жастарымыз таңғы жаттығуларын орындап, денсаулықтарын нығайту мақсатында таңғы жаттығу жұмыстарын күнделікті орындауда.
Спорт- біздің досымыз деп ұрандатқан жастарымыз салауатты өмірсалтын ұстанып, дене шынықтыруды әдетке айналдырып, жатақхананың ішкі тәртібі мен ережесін сақтап, тәртіпке бой ұсынса білімді де дәл солай алып жүретініне жол ашады.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы - деп Әл Фараби атамыз бекер айтпаған. Білімді азамат болу үшін деннің саулығы бірінші орында тұру қажет.
Колледжіміздің Nur-media ақпараттық орталығының баспасөз қызметі.