МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ , МЕКТЕППЕН КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТУДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» - деп жариялады. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз деп жастарға керемет мүмкіндіктерге жол бастап бермек.
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі білім беру нарығында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент елді мекенінде көш бастаған іргелі оқу орындарының бірі. Білім ордасы жұмысшы кадрлар мен қатар орта буын мамандарын даярлаудағы сондай-ақ дуалды білім беру жоспарын алғашқылардың бірі болып іске асырған жұмыспен қамтитын білім мекемесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы жолдауында білім саласына айрықша көңіл бөлетіні баршамызға аян. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көш бастап келе жатқан оқу орнымыз «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қолға алып отыр. Осы аталмыш пилоттық, эксперименттік жобаны колледжіміздің басшысы Нұрекенова Нұргүл Жақсылыққызы қолға алып, жалпы білім беру мектептерімен байланыса отырып, оқушының мектептен қол үзбестен қосымша жұмысшы мамандығын игеруге пилоттық жобасын алғашқылардың бірі болып Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент елді мекені бастап кетті.
Сайрам ауданында орналасқан №20 Сәкен Сейфуллин мектеп-гимназиясының директоры Оразбаева Улдана Ордабековна сондай-ақ №93 Абылайхан атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры Суранчиева Айнаш Тансыкбаевна осы аталмыш пилоттық жобаны жүзеге асыруды қолға алып, біздің білім ордамызбен қостарапты ынтымақтастыққа қол қойып пилоттық жобаны жүзеге асыратын білім мекемлері келіссөз жүргізіп, пилоттық жобаны іске асырмақ. Бұл жоба жұмысшы кадрларын даярлауда оң нәтижелерін беріп, басқа да мектептермен жалғасын табатынына біз сенімдіміз.
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласына жыл сайын айрықша көңіл бөлуде. Жасампаз жастарымыз білім алып, еліміздің экономикасының тұрақты дамуына білімді жастар мен жұмысшы мамандардың қажет екендігі жыл сайынғы жолдауларында күн тәртібінен түскен емес.
Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді деп президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев нақты тапсырмаларды жүзеге асыруға тапсырмалар берді.Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Білім саласында адал адам, адал табыс, адал еңбекке жастарымызды тәрбиелеу барша педагогтардың міндеті. Еліміздің өркендеуі және оның тұрақты дамуына үлес қосу баршамызға берілген абыройлы әрі жауапкершілігі мол міндет.
Колледжіміздің Nur-media ақпараттық орталығының баспасөз қызіметі.
Leave A Comment