Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің білім алушылары “Адал еңбек. Адал адам. Адал табыс” қағидасын және біртұтас тәрбиені негізге ала отырып жаппай сенбілікке ат салысып, колледж аумағы мен көршілес тұрғындардың шекарасын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша энергия тиімді саясатын жүргізу, жасыл экономика қағидаттарын, экологияны қорғауды және қоршаған ортаны қорғауға қатыстыбіірнеше жұмыстар атқарылып келеді.
Қоршаған орта мен табиғатты қорғауға қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алдымен экология, одан кейін өндіріс» деп халыққа үндей жариялай отырып, «Өндірістік әлеуетті күшейту мен экологияны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау өте маңызды» екенін айтқан болатын.
Leave A Comment