2024 жылы 27 қыркүйегі Құрманбек Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде “Қоғам үшін әр маман қымбат” атты іс-шарасы өтті.
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі аталмыш іс-шараға мамандықтар бойынша көрмеге студенттердің қолөнерлері мен инновациялық идеядағы жобаларын шығарып, ауданның Республикалық көрмесінің шырайын келтіріп, еңбек күнінің мәртебесін үстем етті.
Іс-шараның басты қонағы
Сайрам ауданының әкімі Сәбитов Арман Сәбитұлы біздің колледж студенттерінің өнерлерін ерекше бағалап өтті.
Еңбек күнi — бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке. Мұндай мереке әр елде аталып өтедi. Қазақстанда Еңбек күнi қыркүйектiң соңғы жексенбiсiнде аталып өтедi. Елiмiз азаматтардың еңбекқорлығының арқасында құрылып, дамып келедi. Барлық Сайрам ауданы тұрғындарын, қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймыз, зор денсаулық, игiлiктi iстерiңiзге шыдамдылық пен табандылық, жаңа еңбек жетiстiктерiн, амандық пен ашық аспан тiлеймiз!
Колледжіміздің Nur-media ақпараттық орталығының баспасөз қызметі.
Leave A Comment