Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің білім алушы жастары бүгін оқытушыларды төл мерекелерімен құттықтап, барша ұстаздарға ілтипат көрсетіп, көңіл-күйлерін көтеріп, ақ тілектерін жаудырды.
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп
жүрсін! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Білім алушылар атынан сіздердің ең ізгі тілектеріңіздің орындалуын, сондай-ақ отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім, қуаныш пен жайлылық болсын. Есіңізде болсын, сізсіз бұл әлем әлдеқайда нашар болады, өйткені адамзатқа одан әрі дамуға үміт беретін ол-ұстаз!
Leave A Comment