“КӘСІПТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ АРАСЫНДА IV-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ”
Алдағы өткен аптаның айтулы жаңалығы Ақтау қаласы Маңғыстау туризм колледжінің базасында IV Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
Аталмыш конкурсқа Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі “Кондитер ісі” құзыреттілігі бойынша Абдраманова Асел өндіріс шебері қатысып, конкурстың талаптарын жоғары деңгейде орындап, өзінің кәсіби шеберлігін өте жақсы байқатты.
Бүгін кәсіби шеберлік байқауының қорытынды нәтижесі яғни жабылу салтанаты біздің білім ордамыз Оңтүстік Қазақстан индустриялды - инновациялық колледжі үшін тосын сый болғаны баршамызды қуантты, өндіріс шебері Абдраманова Асел “Кондитер ісі” құзыреттілігінен I-орын, алтын медаль жеңіп алды.
Білім ордамыздың және Түркістан облысының қоржынына алтын медальон әперген әріптесімізге толағай табыстар, еңбекте шығармашылық табыс, жеке өміріне бақыт және береке тілейміз.
Бұл конкурс WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес өткізіліп, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі шығармашыл әрі талантты педагог қызметкерлерді анықтауға және қолдауға, сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибені кеңінен таратуға бағытталған.
Жеңімпаз әріптесіміз Аселді шын жүректен құттықтаймыз. Алар асуы көп болып, бағындырар белестері биік болсын.
Колледжіміздің Nur-media ақпараттық орталығының баспасөз қызметі.