ҰЛТТЫҚ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕДЕ СТУДЕНТТЕР ПАРЛАМЕНТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҰЛЫҚТАЛЫП, АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ.
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі 24 қазан 2024 жылы “Студенттерді өзін-өзі басқару парламенті” президентінің ұлықтау рәсімін Ұлтымыздың Ұлық мерекесі 25 қазан Республика күні қарсаңында өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты жастарды патриоттыққа сондай-ақ ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, еліміздің рәміздерін құрметтеуге, жастарымыздың жауапкершілігін арттыруға тәрбиелеу.
Ұлықтау рәсімі көк байрағымызға құрмет көрсетіп, еліміздің әнұраны шырқап, патриоттық сезімді нығайтудан басталды.
“Студенттерді өзін-өзі басқару парламенті” президентін салтанатты түрде қарсы алып, президенттің ант беру рәсімімен жалғасты.
Мен Колдабек Нұрбол Сұлтанмұратұлы колледжіміздің “Өзін-өзі басқару парламенті” президентіне тағайындалып, көпшіліктің сенімімен сайландым!
Болашақта колледжіміздің білімі сондай-ақ тәжірибесін, білім ордамыздың ішкі тәртібін, спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыруға, жастардың құқықтары мен олардың жаңашыл бастамаларын қолдауға, аудандық, облыстық сондай-ақ Республикалық байқаулардың жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуына, колледждің биік белестерді бағындыруына адал еңбегімді қосуға, Ата-заңымызды, конституцияны құрметтеуге ант етемін! Ант етемін! Ант етемін!
Іс-шараны колледжіміздің “Тарих” пәні оқытушысы Қуат Нұрғиса Маратұлы жалғастырып, жастарымызға Ұлттық мереке 25 қазан-Республика күні мерекесінің тарихын баяндап, барша Отандастарымызды атаулы мерекемен құттықтады.
Парламент президенті Нұрбол Сұлтанмұратұлына бастап жатқан ісіне толағай табыстар тілейміз. Колледжімізді биіктерден көрсетіп, жастарымыздың сенімінен шығады деген үміттеміз.
Колледждің Nur-media ақпараттық орталығының баспасөз қызметі.
Leave A Comment