ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ ЛУДОМАНИЯНЫ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ.
Ағымдағы жылдың 29 қарашасы Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” белсенділік акциясы аясында Сайрам АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның инспекторлары полиция майоры Сулейменова Камила Еркиновна, полиция майоры Сайипов Шермухаммад Кудратуллаұлы және колледжіміздің жастар ісі инспекторы Жолдасбек Аружан Жалғасбекқызының бірлескен жоспарына сай «Зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық сондай-ақ лудомания, жасөспірімдердің темекі шегуге әуестігі жөнінде кең форматтағы жиыны өтілді.
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Жолдасбек Аружан сөз сөйледі. Сайрам АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның инспекторлары полиция майоры Сулейменова Камила Еркиновна, полиция майоры Сайипов Шермухаммад Кудратуллаұлытер де сөз сөйлеп, тақырыптың шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жұмыстарының негізінде тек қана білімді болумен шектеліп қоймай, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардың жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу да маңызды болып табылады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық болмауына пайдасын тигізеді. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Буллинг проблемасы бүгінде бұл құбылыстың таралуына және оның физикалық және психикалық денсаулығына қауіптілігіне байланысты қоғамның алаңдаушылығын арттыруда.
Буллинг нақты жағдайда өзін қорғай алмайтын адамға бағытталған бір адам немесе топ жүзеге асыратын физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылық ретінде анықталады. Бір адамға немесе адамдар тобына қатысты зорлық-зомбылық актілері бір реттік немесе ұзақ уақыт бойы қайталануы мүмкін. Буллингті қақтығыстан ажырата білу маңызды, өйткені біріншісі жағдайында біз қатысушылардың күштерінің теңсіздігімен екенің байқай аламыз, соның салдарынан жәбірленуші қарсылық көрсете алмайды.
Өткізілген іс-шарада білім алушыларымыздың ойлары да тыңдалып, көкейкесті сұрақтары қойылып, сұрақтарына жауаптарын ала білді.
Колледжіміздің Nur-media ақпараттық орталығының баспасөз қызметі.
Leave A Comment