АШЫҚ САБАҚ КҮНДЕЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан индустриялды – инновациялық колледжінің «Жалпы білім беру,гуманитарлық» пәндік циклдік комиссиясының жоспарға сай онкүндігі «Бірлігі күшті ел озады» «Біртұтас тәрбие» жоспарын сондай-ақ жаңартылған білім бағдарламаларын негізге ала отырып пәндік циклдік комиссиясы ашық сабақтар онкүндігін бастап, колледжіміздің «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқытушысы Абдураимов Мухтаржан Октамжанұлы 07150100 – Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) мамандығының МЖТ 9-24/г тобы 1 курс білім алушыларымен Ағымдағы жылдың 4 желтоқсаны «Жарықшақты қол гранаталары» тақырыбында ашық сабағын өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты мен міндеттері: білім алушыларды РГД – 5 РГН,РГО,Ф-1 қол гранаттарымен таныстыру. Граната және оқ-дәрілермен, қарумен жұмыс жасаған кездегі негізгі қауіпсіздік ережелері мен қарастырып отырған қарудың бөлшектерін білу.
Ұйымдастыру кезеңі: Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. Оқытушы Мухтаржан Октамжанұлы толығымен сабаққа қажетті технологиялық құралдар мен жабдықтарды сондай-ақ сабаққа қажетті оқу материалдарын дайындаған. Оқу кабинеті талапқа сай жасақталған. Білім алушы жастарымыз әскери формамен түгел қамтылған.
Білім алушыларды бағалаудың негізгі критерийлері: Қару, граната және оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтайды. Қару, граната және оқ- дәрілермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтайды.
Сабақтың барысы жоспарланған сабақ жоспарының аясында бірізділікпен жүріп, талаптарға сай оқу материалдары пайдаланылып, тәжірибелік тапсырмалар да талапқа сай жүргізілді. Білім алушы жастарымыз патриоттық руһтары оянып сабаққа деген белсенділіктері арта түсті. Жоспарланған сабақ толықтай өз мақсатына жетті. Аталмыш пән «Біртұтас тәрбие» бағдарламасымен тығыз байланыса білді.
Колледжіміздің Nur-media ақпараттық орталығының баспасөз қызметі.
Leave A Comment