Қазіргі уақытта заманауи білім беру кеңістігінде өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау мәселесі өте өзекті болып отыр. Қоғам дамуының қазіргі заманғы тенденциялары, еңбек нарығының динамикасы мен технологиялық прогресс заманауи адамға қойылатын талаптарға айтарлықтай әсер етеді. Мемлекеттің дарынды, шығармашыл жастарға сұранысы жастардың ерте кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтау қажеттілігін анықтайды. Осы орайда оқушылардың мамандық таңдап, болашақта бәсекеге қабілетті маман болуында кәсіби бағдар берудің берері мол. Түлкібас ауданы, Жиынбай ауылы, "Жиынбай" жалпы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру педагогы А.Назаралиева 9-10 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжіне экскурция ұйымдастырды. Біздің колледжіміздің оқу ғимараттары, оқу залы, компютерлік сыныптар, зертханалық кабинеттер, спорт зал, кітапхана, иновациялық және идеалар кабинеті, жатахана, колледжімізде мемлекеттік грант негізінде оқытылып жатқан мамандықтар туралы оқушылар кеңінен мағлұмат алды. Әрбір мамандық бойынша практикалық жұмыстар көрсетіліп, оқушылардың мамандыққа деген қызығушлықтары оянды. Оқушылар естелік суретке түсіп, заманауи құрылғыларды өз қолдарымен ұстап, практика жүзінде іске асырып, мамандарымызға өз сұрақтарын қойып, кәсіби білімдерін жетілдірді.
Колледжіміздің Nur-media ақпараттық орталығының баспасөз қызметі.