Ағымдағы жылдың 3 желтоқсаны “Техникалық мамандықтар” пәндік циклдік комиссиясының апталығы бастауын тауып, 07210300 - «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» мамандығының білім алушылары НМК 9-23/г тобымен Уалиқызы Айсұлу апайдың «Қантты печенье жасалу технологиясы» тақырыбы бойынша КМ 2.Әр түрлі ассортименттегі піспенандар, прәндіктер, кекстер, рулеттер мен вафля. пәнінен (модульінен) ашық тәжірибелік сабағын өтті.
Оқыту (күтілетін) нәтижелері Студенттер шикізаттардың өзара алмасу мүмкіндіктерін түсінеді.Хош иісті, бояғыш заттар, құрғақ қоспалар мен жартылай фабрикаттарды қолдану ережелерін біледі.Шикізатты дұрыс алмастырып, қоспаларды технологияға сәйкес пайдалануды үйренеді.
Оқу мақсаттары Қантты печенье дайындау технологиясын үйрету және негізгі компоненттердің маңызын түсіндіру. Студенттердің ұқыптылық, дәлдік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Гигиена, тағам дайындауда қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру.
4.Бағалау критерийлері:
1.Лекцияны оқып, болжам жасайды, негізгі оқиды анықтайды;
2. Мәліметтерді практикада қолданады;
3. Тақырыптағы мәселерді анықтап талдау жасайды.
Сабақтың басталуы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Студенттермен сәлемдесу, қатысымын тексеру.
• Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
• Өткен сабақта қамтылған материалды қайталау, сұрақтар қою арқылы білімдерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында еңбек дағдыларын көрсету:
1. Керекті құрал-жабдықтарды дайындау;
2. Шикізаттарды механикалық өңдеу;
3. Технологиялық сұлба бойынша тәтті емес турамалармен ауалы жартылай дүмбіл қамырын дайындап көрсету;
4. Рецептура бойынша калькуляция (есеп) шығару;
Еңбек дағдыларын көрсету барысында келесі жағдайларға көңіл аудару:
1. Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылғанына;
2. Қантты қамыр қамырының консистенциясына;
3. Қамыр жартылай фабрикат пішініне;
4. Дайындалу температурасына;
5. Органолептикалық көрсеткіштерге (иісі, дәмі, түсі, пішіні, құймақтың салмағы).
Сабақ толықтай өз мақсаты мен міндеттерін орындап, білім алушы жастарымыз теориялық сондай-ақ тәжірибелік дағдыларын қалыптастыра отырып, білімгерлеріміздің сабаққа деген қызығушылықтарын арттырды.
Колледжіміздің Nur-media ақпараттық орталығының баспасөз қызметі.
Leave A Comment