2020 жылдың 25 қаңтарында Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан жоғары аграрлық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында "Үздік маман - 2020" облыстық байқауы болып өтті.
Байқауға колледжіміздің 1219000 - "Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі" мамандығының НМК-9-17/г тобының 2 студенті қатысты. Нәтижесінде "Кондитер" құзыреттілігі бойынша Жамила Ескулованың жетекшілігіндегі Рахманкулова Мерей Азаматовна жүлделі І орынға, Ғалия Утегенованың жетекшілігіндегі Мазманова Венера Бахтиярқызы "Наубайшы" құзыреттілігі бойынша жүлделі ІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Біз сіздермен мақтанамыз!