Бүгін, 12 сәуір, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліскен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына үш жыл толды.
3 жыл ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халқымыздың мүддесі үшін 348 жоба мен 5 686 іс-шара ұйымдастырылды.
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі Елбасының тың бағдарламасы аясында бірнеше іс-шаралар ұйымдастырды. Ағымдағы жылдың келуімен ең алдымен, кемеңгер ақынымыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу-Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығына орай айлық іс-шаралар ұйымдастыра отырып, білім алушылардың бойына рухани азық боларлық құнды дүниелерді үнемі жалықпай насихаттауда.
Ұлт санасын алға жылжуға кедергі келтіретін барлық тосқауылдан азат ету және озық, прогрессивті, әрі ескінің сарқыншақтарынан ада қоғамдық сананы қалыптастыру идеясында іске асырылған бағдарламаның аясында жүргізілген іс-шараларға көпшілік болып күш салысу барлығымызға жүктелген міндет деп білеміз.
Leave A Comment