Нұрекенова Нұргүл Жақсылыққызы ұжымда сабақтастық, әділдік, өрлеу қағидаларын берік ұстаным жасап, еліміздің стратегиясы мен әлеуетін нығайтуға, даму кезеңдеріне сай колледж студенттерін қалыптастыруға, қоғамымыздың бірлігін сақтап, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ұлтаралық қатынасты нығайтуға, экономика, мәдениет, ғылым, ақпаратты жетілдіруге, мемлекеттің мәңгілігіне адал қызмет етуге, мемлекетшіл болуға, сапалы адам қағидаларын берік ұстауға бағыт беретін көшбасшы деп білемін. Алдағы «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеуінде Нұргүл Жақсылыққызына тың бастамаларды іске асыру жолында сәттілік тілей отырып, баршыңызды дауыс беруге шақырамын.
Leave A Comment