Ағымдағы жылдың 17 тамыз-3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясы өз тарихында алғаш рет ашықтық пен жариялылыққа бағыт алған Праймериз яғни, партияішілік іріктеу өткізуді жоспарлады. Бұл елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаның тағы бір жарқын қадамы.
Жаңа заман талабына сай, мен Нұрекенова Нұргүл Жақсылыққызы, Елбасы саясатын жүзеге асырып, осындай тыныш өмірге, Қазақстан халқының татулығы мен бірлігіне, Мәңгілік ел болуға қол жеткізу үшін баршаңызға үндеу тастап, мемлекетімізді дамытуға өз үлесімді қосу мақсатында осы праймеризге қатысуға бекіндім.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасын тиек етіп, үздіктердің үздігін айқындайтын тың жобада сіздерден түйткілі мәселелердің түйінін тоқтатып, ел мүддесін қорғауға, дамуына аянбай қызмет ететініме сенім білдіріп, қолдауларыңызды сұранамын.
Leave A Comment