Оқиғалар күнтезбесіне кө жүгіртсек, бүгін, 17 қараша, Халықаралық шылым шегуден бас тарту күні болып табылады.
Статистикаға сүйенсек, шылым шегетін адамдардың тең жартысы осы жағымсыз әдеттен көз жұмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, 2030 жылға қарай темекі жыл сайын 8 миллион адамның өліміне себепші болады. Онымен қоса, қайғылы бес оқиғаның төртеуі төмен және орташа табысты елдерге тиесілі болмақ. Темекі қатерлі ісік, жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті және тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары сынды инфекциялық емес сырқаттардың пайда болуының негізгі факторы болып табылады. Өлім жағдайларының 63 пайызы инфекциялық емес сырқаттардан болады. Онымен қоса, жыл сайын шылым шекпейтін, бірақ оның түтінімен демалуға мәжбүр 600 мың адам көз жұмады. Балалардың барлық санының тең жартысы темекі түтінімен ластанған ауамен тұрақты түрде тыныс алады және 40 пайыз баланың ата-анасының біреуі бұл әдетке әуес. 2004 жылы балалар өлімінің үштен бір бөлігі дерлік темекі түтінімен тыныс алу салдарынан болды.