Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған індеттің бірі. Өркениетті елдердің басты мәселесіне айналған бұл кеселден арылудың бірден-бір жолы – өскелең ұрпақты құқықтық сауаттылыққа баулу, адалдық, парасаттылық, әділдік сынды адамгершілік қасиеттерді мектеп қабырғасынан ұғындыру, бойларына дарыту. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірнеше ұйымдар өз жұмысын жүйелі түрде дамытуда. Елімізде соңғы 5 жылдың ішінде қоғамдық дерттің алдын алу мақсатында барлық салада қарқынды жұмыс жүргізетін ұйымдар іске қосылды. Соның бірі – білім саласына арналған Парасаттылық мектебі.
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында «Парасаттылық мектебі» мен «Саналы ұрпақ» ұйымдары мүшелерімен онлайн түрде сұқбат жүргізілді. Іс-шара барысында студенттер тақырып негізінде өз ойларымен бөлісіп, қажетті мәліметтермен таныс болды.
Leave A Comment