«Парсаттылық мектебінің» 2020-2021 оқу жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде ««Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»» тақырыбында І курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Көтерілген тақырыпты барынша жіті түсіндіруге имам - Абдурахманов Нұржан Аликулович шақырылды.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Зәуірбек Арслан Қанатұлы діни сауатсыздық, дәстүрлі дініміздің белсенділігін арттыру, экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағыттары бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында жиналған студенттер имамға көкейкесті сұрақтарын қойып жауап алды және қазіргі өмір сүріп отырған ортамызда адамгершілік қағидаларын ұмытпай, жадымызда сақтаудың маңыздылығын ұғынды.
Естеріңізде болсын! Жат ағымның жетегі, экстремизм сынды дерт кез келген жанның қақпасын қағып тұр. Ол үнсіз келіп жастарды өз құрдымына тартып жатыр.
Соқыр батырлыққа баратындар – жастар. Жаһандық терроризммен күресте дінаралық диалог пен бейбітшілік идеяларын тарату аса маңызды. Алайда ағарту жұмыстары халықтың арасында жүру керек.Уланған сананың емі – білім, ғылым. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді жастарымыз жат ағымның жетегіне ермейтініне сенеміз.
Leave A Comment