Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген күш атасының 150 жылдығына орай түзілген апталық іс-шаралар жоспарына сәйкес, колледжімізде Дене шынықтыру пәні оқытушысы Даванов Фурхаттың ұйымдастыруымен І курс студенттерінің арасында ұлттық спорт түрлері мен ойындарынан жарыс болып өтті. Ұйымдастырылған жарыстың мақсаты – білім алушылардың бойында дүниежүзінің 30-ға жуық мемлекетін аралап, 50-ден астам медаль жеңіп алған палуанның өмірі мен жеңісті жолын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық спортқа деген ынталарын оята отырып, ой-өрістерін дамыту, оларды ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа, ұжымдастыққа, ұлттық рухқа, сананы қалыптастыруға бейімдеу.