Бүгін – күллі адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн баршаңызға құтты болсын!
Иә, Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ... Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз.
Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – ардагерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз!
Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілейміз! Көк туымыз бейбіт аспан астында қалықтасын!