2021 жылы 22 қыркүйек айында Оңтүстік Қазақстан Индустриялды – Инновациялық колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Ж.М.Сегізбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге бағытталған «Елбасы және көшбасшылық қасиеттері» тақырыбында колледж белсенді жастар арасында дөңгелек үстел өткізді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.А.Құрманқұлов қатысып, жастарға бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты мен міндетін түсіндіріп өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
Жастарға Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылық қасиетін дәріптеу және болашақ студенттер бойында ел басқарудағы қабілеттерін қалай дамытып жетілдіру керектігі туралы бағыт-бағдар беріп, өз ойларын ортаға салып дағдыларын қалыптастыру.Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігінің 30 жылдық хронологиясының аясында Елбасының әлемдік елдер басышыларының арасында көшбасышылық қасиетін насихаттау.
Іс-шараға колледж жастары белсене қатысып, өз ойларын ортаға салып, топтық жұмыс жасады.