2021 жылдың 21 қыркүйегінде оқу ордамызда Студенттерді басқару Парламентінің сайлау нәтижесі жарияланып, Президентті ұлықтау рәсімі өтті.
Дауыс берудің нәтижелері бойынша басым дауысқа ие болған 1401000 – «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының 3 курс студенті Тортай Әділет Асилханұлы Студенттерді басқару Парламентінің Президенті болып сайланды. Колледж әкімшілігі атынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.А. Құрманқұлов жеңіске жеткен студентті жаңа міндетке сайлануымен құттықтап, алдағы уақытқа сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Студенттік парламенттің жаңа президенті дәстүр бойынша өзінің міндетін колледж жастарының игілігі үшін жүзеге асыруға және өзінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға салтанатты түрде ант берді.
Сонымен қатар, сайлауға түскен үміткерлер төмендегі қызметтерге тағайындалып, алдағы уақытта жоспар негізінде атқаруға тиіс міндеттерімен танысты:
Парламент президентінің вице-министрі: Абдувалиева Холида Абдукаримовна;
Білім министрі: Алмахан Самал Нұрмаханбетқызы;
Тәрбие министрі: Қошқарбаев Нұрболат Сәрсенбайұлы;
Тәрбие министрі: Саур Эланора Арыстанбекқызы;
Ақпарат министрі: Аманов Заманбек;
Спорт министрі: Калбаев Нұрнар Кыдырбаевич;
Қаржы және экономика министрі: Смадинов Бекарыс Канатович;
Мәдениет министрі: Есеналиев Ербол.
Бүгінгі Студенттік парламенттің жаңа мүшелерін жаңа қызметтерімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық және колледж игілігі үшін аянбай еңбек етуіне тілектестік білдіреміз!