«Халық бірлігі және жүйелі реформалар- ел өркендеуінің берік негізі» атты Қ.Р. Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледж кітапханасында насихатталды. Іс-шара барысында кітапхана меңгерушісі К.А. Ошаева жолдаудағы руханиятты жаңғыртуға бағытталған басым бағыттарымен үндеу жасалғанын, қоғамдық диалог ашықтық арқылы халықпен кері байланыс жасау тиімділігін арттырудың маңыздылығы, адамзатқа лайық қасиетті қастерлеу, жастардың отаншылдық, білімге құштарлық, бірлікке, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке бейімділігін арттыру, уақыт керуеніне ілесіп, озық ел қатарынан қалмай алға, жетістіктерге жұмылу, өзін-өзі басқаруды жаңғыртумен азаматтық мәдениетті дамыту маңыздылығын, ақпараттық технология, ғаламтор дамуының адамзатқа пайдалысын қолдану, озық ойлы құндылықтарды, тәрбиелі ұстанымдарды іске асыру жолданғанын баяндап дәріптеді. Колледж студенттері Сидикова Гулмира, Абдурахманова Нәзерке, Алимкулова Шахсанам, Валметов Ғуламжан, Туйчиев Асылхан Жолдаудағы барлық басымдықтар бойынша өз ойларын ортаға салды.