20 қазанда сағат 12-00 де «Ыбырай Алтынсарин 180 жыл» тақырыптық көрме, виртуалды шолумен тәрбие сағаты Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі кітапханасында өткізілді. Кітапхана меңгерушісі Ошаева Клара Абдисаметовна оқушылардың кітап оқу арқылы кітап оқуға құштарлықпен жастардың ойлау қабілетін дамытуына, өзіндік пікір қалыптасуы, шығармашылық ізденісін арттыру арқылы еліміздің өркендеуіне үлес қосатын алғыр да білімді, туған тілі мен жеріне деген патриоттық сезім ой-өрісін адамгершілік ар-ұжданмен биік ұстануға шақырды.
Қоғамдық өсуден кейін қалуының негізі - халқының ауыр тіршілігі, оқу ағарту ісінің өркендеуіне терең байланыстылығымен халықтық әлеуметтік мақсатты орындау міндеттері ағартушылық, ұстаздық қызметтерін ерекше атқарған Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласынан мектеп ашу қажеттілігін дәлелдеп, ағартушылық ісін өрістеткені, Ырғыз даласында мектеп-интернатын аштыруы, тарихи еңбегі аса құнды болса, халқының өнер білімі бар жұрттар қатарында болу маңыздылығын заманындағы ресми көзқарастармен санаса отырып, дәулет, малда жоғалады, мәңгілік жұтамайтын қазына тек білім деп дәріптелгендігін айтты. Белсенді колледж студенттерімен бірлесе еңбекқорлыққа, адамгершлікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеген Ы. Алтынсарин шығармалары толыққанды насихатталды.