Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің – Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыс көлемінде «Саналы ұрпақ – сыбайластыққа жол бермейді» ұранымен өткен «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтардың слетіне Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің «Саналы ұрпақ» ұйым мүшелерінен құралған топ студенттері белсенді түрде қатысып, жүлделі ІІІ орынды қанжығаларына байлады.
Жалпы, 3 кезеңнен тұрған байқауға облыстың 38 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері белсене қатысып, қоғам індетіне айналған сыбайластықты жою бойынша өздерінің үздік деп таныған жобаларын ортаға салды.
Жеңімпаздар «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» мерекесіне орай Департамент тарапынан ұйымдастырылатын форумда арнайы сыйлықтармен салтанатты түрде марапатталатын болады.