Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2021 жылы 28 қазанда Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған «Білімді ұрпақ – тәуелсіз ел тірегі» атты облыстық жастар форумы болып өтті. Форум аясында жас білім алушылардың жетістіктерін таныстыру мақсатындағы «Мамандығым – мақтанышым!» бөлімі бойынша Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» мамандығы, ІІІ курс студенті Бекболатова Жансая және жетекшісі Айқынбаева Қарлығаш қатысып, Ереже негізінде презентациясы мен қолөнер жұмыстарын қорғады. Белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Leave A Comment