Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде бүгін, «Наубайшы ісі» құзыреттілігі шеңберінде «WorldSkills OQIIK – 2021» I колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты түрде ашылуы өтті. Колледжішілік чемпионатқа «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 3-4 курс студенттері ішінен іріктелген 6 студент қатысты.
«WorldSkills» жұмысшы мамандар чемпионаты әлем бойынша ең ірі чемпионаттың бірі. Чемпионатының басты мақсаты: жұмысшы мамандардың абыройын арттыру, жас жұмысшыларға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдылар мен жоғары біліктіліктерді алу мүмкіндігін беру.
Қатысушылардың кәсіби құзыреттіліктеріне Бас эксперт болған колледждің әлеуметтік серіктесі – «Ксюша» ЖК директоры Костенко Н.Г. және оқу ордамыздың өндіріс шебері – Ескулова Ж.Х.
Чемпионаттың нәтижесінде НМК-11-20/г тобының студенті Кайпов Уразали І дәрежелі, НМК-9-19/г тобының студенті Пернеханқызы Фатима ІІ дәрежелі, НМК-9-19/г тобының студенті Аманкелді Жанерке ІІІ дәрежелі дипломдармен, НМК-11-20/г тобының студенті Султанов Нуржас «Шебер әрлеуші», НМК-11-19/г тобының студенті Нұрділлә Айсана «Шебер қол», НМК-9-19/г тобының студенті Кизтуганова Сәуле «Тәтті нан» номинацияларын иемденіп марапатталды.