«WorldSkills OQIIK – 2021» I колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионаты «Кондитер ісі» құзыреттілігімен жалғасын тапты. Аталған құзыреттілік бойынша Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі Түркістан облысы атынан екі рет республикалық чемпионатта бақ сынасқан-ды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқан чемпионаттың бүгінгі қатысушылары «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 3-4 курс студенттері. Үздіктердің үздігі анықталған чемпионатта Сарапшылардың қорытынды есебі бойынша жүлделі орындар белгіленді:
- НМК-9-19/г тобының студенті Қойбек Назерке Қуанбекқызы – жүлделі І орын;
- НМК-9-19/г тобының студенті Бурамбайқызы Диана – ІІ орын;
- НМК-11-19/г тобының студенті Ханалиева Нодира Бахтияровна – ІІІ орын.