Құрметті паң даланың пайымы қағылез, парасаты биік, жетесі заңғар әлеуметі әлімсақтан жаңа күн мен жылдан, үрдіс пен жаңалықтан жақсылық тосатын
пейілі кең қазақ елі!
Сіздерді Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі атынан жаңалықтың жаршысы, игіліктің қайнары – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2021 жылдың ең басты оқиғасы – еңселі еліміз Қазақстанның тұғырлы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесі екендігін ешкім жоққа шығармасы анық.. Мәртебелі мереке аясында өткенімізді бағамдап, бүгінімізді бағаладық және болашағымызды бағдарладық. Жаңа жылда Егемен еліміздің тұлпарлары сайын далада еркін шауып, қырандары аспанда еркін қалықтасын!
2022 “Барыс” жылы ізгі тілектердің орындалатын, қуаныш пен табысқа кенелетін, баяндылық пен өсіп-өркендеу жылы болып, әр шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!
happy new year