Тоғызыншы ақпан Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде «Қуат алып Абайдың тіл күшінен - жыр жазамын Ұлы Абайдың үлгісімен!» атты ақиық ақын – Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші өткізілді.
Қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылғанына - 91 жыл. Отанымыз, халқымыз, қазақ тілімізге сүйіспеншілік сезімдерімізді қастерлеу мақсатында колледждің I және II курс студенттері ақынның жүрек жарды өлеңдерін жатқа айтып, өмірі мен шығармашылығын жарыса айтып өтті.
Ұлылардың ұлылығын ұлықтау жүзінде оқу мәдениетінің деңгейін арттыруды мақсат тұтқан Қазақ поэзиясында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлынан кейін көп оқылатын ақын - жазушы Мұқағали Мақатаев кешіне арналған кітап көрмесінде оқушылардың кітап оқуға құштарлықпен қарап, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденісін арттыру арқылы еліміздің өркендеуіне үлес қосатын алғыр да білімді, туған тілі, елі мен жеріне деген патриоттық сезімдерін адамгершілік ар-ұжданмен биік ұстануға, мәңгілік жұтамайтын қазына - білім арқылы жаҺандану көкжиегіне талпынуды дәріптеді.