Күні кеше, 21 ақпаны күні, біздің білім ордамызға, яғни Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжіне Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаты Ертаев Сырым Махамбетұлы және Сайрам ауданының «Nur - Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары Әбдіқадыр Алмас Әбдірахманұлы ат басын бұрып, жастармен кездесу өткізді.
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің студенттері Парламент мәжілісінің депутаты Сырым Махамбетұлымен еркін форматта пікір алмасып, білім, ауыл шаруашылығы, IT бағдарламалары мен жаңа заманауи технологиялардың дамуы жайында сұхбат өткізді. Студенттеріміздің ойын мазалап жүрген сұрақтарымен қатар ұсыныстарына қанағаттанарлық жауап алып, Сырым Махамбетұлы өзекті мәселелерді қолынан келгенше жастар саясатымен шешіп беретіндігін айтып өтті.
Колледж директоры Нұрекенова Нұргүл Жақсылыққызы «Техникалық және кәсіптік білім беру» саласындағы бірнеше жетістіктері мен мәселелерін атап, өзекті мәселелердің түйіндерін ақтарып, жастарға сапалы білім, саналы тәрбие және бітіруші түлектердің жұмысқа орналастыруына ықпал жасауды ұсыныс ретінде айтып өтті.
Сонымен қатар «Nur - Otan» партиясының Сайрам аудандық филиалының бірінші орынбасары Әбдіқадыр Алмас Әбдірахманұлы да жастардың сұрақтарына мардымды жауап беріп, білім саласындағы мәселелерін қалыпты деңгейде шешімін табатындығын айтты.
Жастармен қызықты әрі еркін форматта ұйымдастырылған өзекті кездесуіміз шешімі табылатын «Жаңа Қазақстанның-Жаңаша жастары» сапалы білім алып, болашақта маман иелері болып, адал еңбек етуінің арқасында «Бай қуатты» мемлекетке айналатынымызды да сөз етіп, кездесуіміз өз мәресіне жетті.
Leave A Comment