Қазақстан Республикасына танымал айтыскер-ақын Ақмарал Пернебекқызы Леубаевамен кездесу кеші
«ӘСЕМ ӘУЕЗДІ ЖЫРЛАРДЫҢ МӨЛДІР СҰЛУ СЫРЛАРЫ»
Ағымдағы жылдың 22 ақпаны күні Қазақстан Республикасына танымал айтыскер – ақын Ақмарал Пернебекқызы Леубаеваның «Әсем әуезді жырлардың мөлдір сұлу сырлары» атты поэзиялық кеші өтті. Кештің басты қонағы Ақмарал Пернебекқызы Леубаева колледжіміздің жас буын жыр жаттаушыларының өлеңдерін тыңдап, өзінің шығармаларына жастардың қызығушылықтары бар екендігіне тәнті болып, жастарға жақсы тілек, ниеттерін айтты.
Колледж жастары ақын-жазушы Ақмарал Леубаеваның сөзіне жазылған әндерін шырқап, кештің қонағы, колледж оқытушысы Кәдірбек Самалмен дуэт болып ән шырқап, кезекті жаңа туындысын Самал Кәдірбекке арнайтындығын атап айтты.Ақмарал Пернебекқызы колледжіміздің жас талант шәкірттеріне риза болып, «Әсем әуезді жырлардың мөлдір сұлу сырлары» атты поэзиялық кешінің ұйымдастырушыларына және колледж директоры Нұрекенова Нұргүл Жақсылыққызына шексіз алғысын айтып, тамаша кештің куәсі болғандығын, колледж ұжымына толағай табыс тілеп, бүгінгі күн ол - ертеңгі тарих- деп, естелікке суретке түсті.
Leave A Comment