Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан индустриялды –инновациялық колледжі кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сай «AMANAT» партиясы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері Сайрам аудандық мәслихатының депутаты М.Сиддиков Қарабұлақ ауыл окургінде орналасқан №81 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебі, №100 жалпы орта мектебі және №10 Қарабұлақ жалпы орта мектептеріне колледжіміздің директоры Н.Ж.Нұрекенова бастаған кәсіптік бағдарды үйлестіру жұмысшы тобы жоғарыдағы мектептерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Мектеп бітіруші түлектеріне техникалық бағыттағы мамандықтарды насихаттап, өндіріс пен білім ордасының байланысын, жұмыспен қамту моделін, студенттерге тағайындалатын шәкіртақы көлемін, техникалық мамандықтарда тегін білім алу мүмкіндіктерінің барынша көптігін түсінідіріп өтті. Бұл жұмыстар Сайрам ауданында орналасқан басқа да мектептерде жалғасын таппақ.
Leave A Comment