1-МАМЫР БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚ, ЫНТЫМАҚ МЕРЕКЕСІ!
«Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
Баршаларыңызды айтулы достық, бірлік, татулық, ынтымақ мерекесімен құттықтаймыз. Барлық жақсылық атауын тілей отырып, көктегі қалқып ұшқан көгершіннің пәктігін, пейілдеріңіздің кеңдігін, жүректеріңіздің бауырмал болуын, аялы алақандарыңыздың тек жылы болуын тілейміз.
Leave A Comment