Жаңа жыл – өткен жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен тың ізденістерге қадам жасайтын мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттауды қалайды.
Білім ордамыз Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі ескі жылды қорытындылап, жаңа жылға мол үмітпен жоспар құрып, ұжыммен бірлескен түрде түрлі-түсті форматта ''Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа нұр'' атты жаңа жылдық қызықты кеш ұйымдастырды.
Кешіміздің басты мақсаты: өткен жылға қорытынды жасау, жетістікке жеткен ұстаздарымызды және әріптестерімізді марапаттау.
Іс-шара барысында колледж әкімшілігі күлгін түсте мерекелік кешке сай киініп, өз өнерлерімен көпшілікті тамсандырды.
''Көлік жөндеу және құрылыс'' пәндік циклдік комиссия оқытушылары, ер азаматтардан құрылған оқытушылар құрамы аспан көк түсте киім киіп, өз өнерлерін жоғарғы деңгейде көрсетсе,
''Машина жасау технологиясы'' пәндік циклдік комиссиясының ардақты оқытушылары жасыл түсте киім киіп, өз өнерлерін көрсетті.
''Техникалық мамандықтар'' пәндік циклдік комиссиясының оқытушылары сары түсте киім киіп, өнерлерімен барша көрермендерді қуанта білсе,
''Жалпы білім беру, гуманитарлық пәндер'' циклдік комиссиясының оқытушылары қызыл түсте киім киіп, өнерлерін көрсетіп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Колледж директоры барша ұжымды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оқытушыларымызды жетістіктерімен марапаттады.
Кеш көңілді әрі қызықты болып, ұстаздарымыз әннен шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салып, жаңа жылдық ұтыс ойындарын ұйымдастырып, жаңа жылға жылы тілектерін ақтарды.
Жаңа жыл баршамызға табысты әрі жемісті жыл болсын. Жаңа жылда жоспарлаған тілек ниеттеріңізге жетулеріңізге тілектеспіз!