«САЙРАМ АУДАНЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕРІМЕН БЕТПЕ – БЕТ ЖҮЗДЕСУ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ»
Ағымдағы жылдың 31- қаңтары Оңтүстік Қазақстан индустриялды – инновациялық колледж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманқұлов Қ.А. және «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқытушылары Зәуірбек А.Қ., Абдураимов М.О. ұйымдастыруымен
«САЙРАМ АУДАНЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕРІМЕН БЕТПЕ – БЕТ ЖҮЗДЕСУ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ» тақырбында кең форматтағы ақпарат алмасу және жасөспірімдердің патриоттық сезімдерін ояту мақсатында жиын болып өтілді.
Кең форматта өтілген іс –шарның қонақтары:
Абдураимов О.А. Қарулы Күштер ардагері.
Анварбеков Ш.А. Сайрам ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлім өкілі.
Махмудов Рашид Ауған соғыс ардагері.
Батаев Б.С. Таулы Қарабақ ұрыс қимылдарының ардагері. Сайрам ауданының ардагерлер ұйымының төрағасы.
Іс-шараның барысында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнәнәң оқытушысы Зәуірбек А.Қ. баяндамасын жасап, жоғарғы әскери оқу орындары және олардың негізгі мамандықтары, әскери оқу орындарына түсудің негізгі ережелері мен талаптары толығымен түсіндірді. Іс – шараның жалғасы колледж қабырғасында білім және тәрбие алып жүрген жасөспірім балалардың отанға деген сүйіспеншіліктері мен қатар мемлекетіміздің алдындағы азаматтық борыштары толығымен түсіндірілді. Сайрам ауданының қарулы күштерінде қызмет атқарған ардагерлеріміз іс – шарамыздың қадірлі қонағы болып, бүгінгі талқыланған тақырыптың негізгі түйіндерін ширатып, әскерге бару және әскери білім алу сонымен қатар отанға адал қызымет атқару әрбір ер азаматтың борышы екендігін баяндап берді.
Бүгінгі таңда әскери білім алудың және мемлекет алдындағы әскери қызметкерлердің мәртебесі өте жоғары екендігін жасөспірімдерге ұғындыра білуді дұрыс жолға қою талқыланды. Мемлекет тарапынан әскери білім алушы жастарымызға және әскери қызметшілерге жақсы көңіл бөлініп жатқандығы да баршамызға мәлім. Жас буын білім алушы жастарымыздың ел тірегі жаңа Қазақстанның ертеңін мықтап қалыптастыруға міндетті түрде отансүйгіштік қасиетін дамыту үшін әскуери білім алуы қажет деп білеміз.
Іс –шараның соңында арнайы уақыттарын бөліп келген әскери қызметтегі ардагер ағаларымызға алғысымыз шексіз. Жасөспірімдердің сіздерге қарап бой түзеп, еліміздің абыройын асқақтатып, мәртебесін биіктететініне еш шүбамыз жоқ. Жастарды тәрбиелеп, ел ертеңінің іргесін қалыптастырып, жақсы тәрбие бергендеріңіз үшін сіздерге үлкен рахмет.